76 жастағы ер адамның немересімен жасаған сұмдығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1214

Таразда әже мен немеренің синтетикалық есірткі сатумен айналысқаны анықталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Полиция мәліметінше, тексеріс кезінде көліктерінен есірткілік заттарды бөліп салуға арналған зип-пакеттер табылған. Жағдайдан күдіктенген полицейлер олардың үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде, 78 жастағы зейнеткердің киімінің қалтасынан 3 грамнан астам, ал пәтердегі тігін жәшігінің астынан 360 грамнан астам синтетикалық есірткі табылған.

Немересі кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалса, ал әжесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

"Тінту барысында 364 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленіп, айғақ зат ретінде алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері 8 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 582 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Белгібаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...