Қарағанды қаласында 23 мамыр күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет...
Түркістан облысында өмірден өткен анасы мен қызын кім өлтіргені белгілі болды
Фото: Гүлмира Абықай парақшасынан
Шағын ғана Керегетас ауылында болған адам өліміне қатысты күдікті анықталып, сот шешімі шықты деп хабарлайды madeniportal.kz.
Журналист Гүлмира Абықай инстаграм парақшасында Түркістан облысында өмірден өткен анасы мен қызының өліміне кінәлі адам туралы ақпаратпен бөлісіп, мән-жайды толық айтып берген марқұм әйелдің артында қалған үлкен қызының видеосын жариялады.
“Нүрия ауыл мектебінде аспаз, 3 қыздың анасы болған. Отағасы 15 жыл бұрын қайтыс болған. Үлкен екі қызын күйеуге беріп, кішісі 15 жасар Нүриямен тыныш қана тұрып жатқан отбасы еді. Сары үйректей томпиған қызына жыл бұрын мектептегі дене шынықтыру мұғалімі қырындап, мазасын алады. Мұндай жағдайды түсінбеген балауса қыз мән-жайды анасына жеткізген. Анасы директорға шағымданып, Абай ағайды мектептен шығарып жібереді. Оқиға мұнымен тынған жоқ. Көрген жерде кектеніп, қорғаусыз қыз бен әйелдің мазасын алатын еркек ақыры түн жамыла келіп екеуін де өлтіріп тынды. Анасын ұйықтап жатқан жерінен кірпішпен басынан ұрган, ол төсегінде сеспей қатады. Ал, Нүрияға білгенін істеген, куәгерлер видеосын салдым. Тыңдаудың өзі қорқынышты”, - деп жазған журналист.
Оқиға орын алған Керегетас ауылының тұрғындары айыпталушының отбасының басқа жаққа көшуін талап етіп жатқанын журналист жазбасында атап өткен.
“Ендігі мәселе, маркұмдардың артында қалған қыздары ( жастары 21-19) барша жұрттың, бұл қайғының ақиқатын анық біліп, тергеудің, әділ жүруіне жанашыр болуын сұрайды.
Ауыл жұрты жиылып, қандықол күдіктінің үйіне барған. Олар қанышер сотталып, қалған үрім-бұтағының бұл ауылдан жыраққа көшіп кетуін талап етуде”, - дейді Гүлмира Абықай.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерінің тым кеш барғанын да ашық айтқан.
“Куәгерлер айқай-шуды естіп үйге кіргенде Нүрияның трі, ыңырсып жатқанын айтады. Бірақ жедел жәрдем 1,5 сағаттан соң, полиция одан да кеш келіпті.
Күдікті 3 баланың әкесі, отбасы бар, 29 жаста. Әйелі 4-не жүкті”, - деп жазды журналист.