Түркістан облысында өзін пышақтаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
475

Түркістан облысында мектеп мұғалімі аудандық сот ғимаратында өзіне пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, 24 жылдық еңбек өтілі бар педагог Х. Еримбетов биыл қаңтар айында жұмыстан заңсыз босатылғанын айтып, өз құқығын қорғау үшін түрлі мемлекеттік органдарға жүгінген.

Оның айтуынша, еңбек инспекциясы жүргізген тексеру нәтижесінде жұмыстан босату рәсімі заңсыз деп танылған. Алайда мұғалім бұрынғы қызметіне қайта алынбаған.

Кейін ол мәселені сот арқылы шешуге тырысқан. 3 маусым күні Ордабасы аудандық соты оны сотқа бағынбады деген айып бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Осы оқиғадан кейін педагог сот ғимаратында өзіне жарақат салған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Меруерт Түсіпбаева шығармашылық мамандық иелері мен блогерлердің Парламентте болуына қарсы екен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Есіл ауданындағы елді мек...