Түркістан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге жол берген ауыл әкімі қызметінен кетті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1185

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Арнайы «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Ал аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...