Алматыда имам тек еркектерді жинап қызын ұзатты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1095

Алматыда бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бас мүфтиі қызметін атқарған Сансызбай Құрбанұлының қызының ұзату тойы өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Салтанатты шараға 350-ге жуық ер адам қатысты. Қонақтар қатарында зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері мен қоғам белсенділері болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, той шариғат талаптарына сай өткізілген.

Жиында ақсақалдар жас отауға бата беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Алайда әлеуметтік желілерде өткен тойға қатысты түрлі пікір айтылды. Кейбір қазақстандықтар қыз ұзату дәстүрлі түрде әйелдер мен ерлердің бірге қатысуымен өтетінін ескеріп, мұндай форматтың қазақы салт-дәстүрге жат екенін алға тартты.

«Қызды анасы, әпкелері, жеңгелері шығарып салуы тиіс еді, бұл — қазаққа жат», – деген пікірлер жазылды.

Сонымен бірге, басқа бір бөлігі шараны шариғат талаптарына сай өткізілгеніне оң бағасын беріп, әр отбасының тойды ұйымдастыруда өз таңдау құқығы бар екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қаңтар айында қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісіне байланысты қалалық полиция...