Непал мен Қытайдың Тибет аймағы шекарасында болған алапат табиғи апаттан қаза тапқандар саны мыңға ж...
Уақыт белдеуі кері қайтарылады – Ринат Зайытов
Фото: инстаграм парақшасынан
2524
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов уақыт белдeуі наурызда кері қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Депутат Ринат Зайытов «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында уақыт белдеуіне қатысты сұрақтың жауабы наурыз айында белгілі болатынын айтты.
«Наурызда отырыс жасаймыз. Сол кезде не бүк, не шік болады», - дейді депутат.
Ринат Зайытовтың уақыт белдeуін өзгертуге қатысты Үкімет нақты дәлел ұсынбағанын, оның ешқандай пайдасы болмағанын атап өтті.
«Үкіметтің позициясы әлсіз, ешнәрсе дәлелдей алмайды. Уақыт белдеуі ауысқанның не пайдасы тиді? Уақыт қайтарылады», – деп қосты Зайытов.
Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуінің өзгеруінің азаматтардың өмір сүруіне және ел экономикасына әсерін жан-жақты зерттеуді 1 наурызға дейін жүргізуді тапсырған еді.