Әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналы...
«Боди массаж жасайды деп жазбадым»: Нұрсұлтан Жақсыген Руслан Өтепбайға сұхбат берді (ВИДЕО)
ruslan_utepbai
Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Фариза Алмазқызы мен оның бұрынғы күйеуіне қатысты дау бойынша сот процесі жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оның жазуынша, бұған дейін Фариза Алмазқызы бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде бірқатар жазба мен скриншот жариялаған.
Сол материалдардың бірінде Фаризаға қатысты интимдік сипаттағы қызмет көрсетеді деген ауыр айып тағылған. Алайда Нұрсұлтан Жақсыген аталған жазбалардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарып отыр.
Руслан Өтепбайдың мәліметінше, қазір осы жағдайға байланысты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
«Таяу күндері сот үкімі шығады. Кімнің сөзі рас, кімнің сөзі жалған – оған сот құқықтық баға береді», – деп жазды Руслан Өтепбай.
Әзірге соттың түпкілікті шешімі шықпаған. Сондықтан тараптардың бір-біріне қатысты айтқан мәлімдемелері сотта дәлелденген факт ретінде қарастырылмайды.