2021 жылы 11 наурыз күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күні...
"Ұятты жерін сүй деп мәжбүрлеп, қорлап, ар-намысына тиген". Оқушылардың 11 жастағы балаға істеген әрекетіне қатысты сұмдық дерек шықты
Фото: freepik
Қырғызстанның Шу облысында мектеп оқушыларының қатысуымен болған жан түршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жергілікті билік пен құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарға қатысты қорлау фактісін тексеруге кірісті, деп жазды MadeniPortal.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, Шу ауданына қарасты Искра ауылында екі алтыншы сынып оқушысы 11 жастағы баланы қорлап, ар-намысына тиетін әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Оқиға 25 наурыз күні болған.
Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, жасөспірімдер оның ұлын қорлап қана қоймай, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Отбасы бұл жағдай туралы екі күннен кейін ғана білген.
Ата-анасы бірден милицияға жүгінген. Алайда олардың сөзінше, учаскелік инспектор келемін деп уәде бергенімен, оқиға орнына келмеген. Соның салдарынан отбасы өздері Шу аудандық ішкі істер бөліміне барып, ресми түрде арыз жазуға мәжбүр болған.
Осы жағдайдан кейін Қырғызстан президентінің Шу облысындағы өкілетті өкілі Элкинбек Аширбаев прокуратура мен ҰҚК-ге (ГКНБ) аталған оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар кінәлілердің қатаң жауапқа тартылуын талап етуде.