Атырауда келін 82 жастағы енесін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MADENIPORT...
Ұлытау мен Қарағандыдан 1200-ден астам бала жазғы демалыспен қамтылады
Фото: Kazakhmys
«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы демалыс маусымын бастады. Биыл 1200-ден астам бала «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алғашқы ауысымға Ұлытау облысы мен Қарағанды өңірінен 250 бала қатысып отыр. Жаз бойы балалар Бурабайдағы Щучье көлі мен Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарында уақыт өткізіп, спорттық жарыстарға, танымдық іс-шараларға және шығармашылық бағдарламаларға қатысады.
Компания әлеуметтік қолдау аясында жолдаманың негізгі бөлігін қаржыландырады. Көптеген қызметкерлер үшін демалыс құнының 80 пайызы субсидияланса, кейбір әлеуметтік санаттағы отбасылар үшін лагерь шығындары толықтай өтеледі.
«Қазақмыс» өкілдерінің айтуынша, балалардың сапалы демалысы мен сауығуына жағдай жасау – компанияның әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.