Қарағанды облысында аналары қыздарын 60 жастағы ер адамға жезөкше болуға сатқан, деп хабарлады ...
Үндістанда қазақстандық бапкер 16 жастағы велоспортшыға қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінді
Фото: freepik
178
Үндістанның Патиала қаласында қазақстандық бапкерге қатысты кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдік бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 13 қыркүйекте Ұлттық спорт институтының аумағында болған. 16 жастағы велоспортшы полицияға 18 қыркүйекте арыз түсірген.
Тергеу басталғанға дейін күдікті институт аумағынан кетіп қалған. Кейін оның Делидегі спорттық лагерьде болғаны анықталғанымен, ол жерден де ізін суытқан.
Полиция күдіктінің төлқұжатын тәркілеп, оның Үндістаннан шығып кетуіне жол бермеу үшін іздестіру туралы ескерту жариялаған. Қазір оны ұстау үшін арнайы топтар жұмыс істеп жатыр.