ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі тағайындалды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1087

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.

Президенттер ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.

Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

СПОРТ

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде түнде мейрамхана маңында тапаншадан оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPor...