Үш ағайынды бала суға кетіп, ажал құшты

Фотт: Oxu.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
1074

Әзербайжанның Шамкир ауданына қарасты Ғәдімгала ауылында үш бірдей жасөспірімнің суға кетуімен аяқталған ауыр жағдай орын алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Қайғылы оқиғаның алдын ала мәліметі бойынша, ауыл тұрғындары – 2016 жылы туған Фәрди Надирли, 2018 жылы туған Раван Надирли және 2021 жылғы Исмайыл Надирли есімді немере ағайындылар ауыл маңындағы жасанды көлге шомылуға барған. Кенеттен төрт жасар Исмайыл суға батып кете бастағанда, екі ағасы оны құтқармақ болған. Алайда, өкінішке қарай, үшеуі де суға батып қаза тапты.

Оқиға орнына Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) Шағын кемелерді мемлекеттік қадағалау және судағы құтқару қызметінің сүңгуір-құтқарушылары шұғыл түрде жұмылдырылып, нәтижесінде барлық балалардың денесі судан шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарын, әсіресе ата-аналарды, балаларын қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және шомылуға арналмаған су айдындарында суға түспеуге шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...