Астана тұрғыны құқық қорғау органдарына елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында қ...
“Хиджабта болған еді”: Меркіде көз жұмған Мадинамен перзентханада болған келіншектің жазбасы тарады
Фото: MadeniPortal.kz коллажы
Меркіде көз жұмған Мадинамен перзентханада болған келіншектің жазбасы тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде өзіне келген хатпен бөлісті. Ол хатты Меркіде көз жұмған Мадинамен бір жарым жыл бұрын перзентханада бірне болған келіншектің жазғанын айтқан.
Нақтырақ, журналистің жариялаған хабарламасында Мадинамен өткен жылдың наурыз айында бір паладатада жатқаны, угроза болғаны, күйеуінен таяқ жегенін айтқанын, бұрын хиджаб кигенін түсінуге болады. Хаттың авторы Мадинаға ондай жағдайға жеткенше ұрған адаммен бірге тұрмай, ажырасып кет деп айтқанын да жасырмаған.
Айта кетейік, осыған дейін Меркіде баласына әкелген барниді жегені үшін күйеуі ұрып, кейін құрбысына ажырасатынын айтып хат жазған Мадинаның оқиғасы туралы жазған болатынбыз.