Ақмола облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2719

Ақмола облысының Жүкей көлінде браконьерлер ұсталды, деп хабарлады madeniportal.kz Полиция.кз-ке сілтеме жасап.

Полицейлер бір аптаның ішінде ұлттық саябақтың аумағында браконьерліктің үшінші фактісінің алдын алды. 2024 жылдың 22 қыркүйегінде Біржан-Сал полиция бөліміне сағат 23:00 шамасында “Бурабай” МҰТП Темноборский орманшылығының Жукей көлінде заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Хабарламада Щучинск – Степняк – Уәлиханов автожолындағы орманшылық қызметкерлері Түркістан облысының 40 жастағы тұрғынының басқаруымен ГАЗ 31105 автокөлігін тоқтатқаны көрсетілген. 

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы ер адамның көлігінің жүксалғышын тексеру барысында 4 қапшықтан тұқы тұқымды балықты, резеңке қайықты, балық аулау торларын тапты. Бұл жолы браконьерлердің олжасы 160 келіден астам балық болған. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.