Демалысқа бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады: тоғыз адам қаза тапты (ВИДЕО)

nypost.com

PESTEL
214

АҚШ-тың Флорида штатында жекеменшік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқиға Палм-Бич округінде болған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, Learjet 60 үлгісіндегі бизнес-джет Техас штатының Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған. Алайда Флорида аумағында белгісіз себептермен құлаған.

 

Басылымның жазуынша, ұшақ құлау кезінде ағаш пен электр желілеріне соғылған. Соның салдарынан апат орнында өрт шыққан. Әуе кемесінің болжамды құны шамамен 2 миллион долларды құрайды.

 

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи борттағы тоғыз адамның да қаза тапқанын растады. Ол болған жағдайды «сұмдық трагедия» деп атап, апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталғанын мәлімдеді.

 

Қазіргі уақытта ұшақтың нақты қандай себеппен құлағаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүфтият марқұмдардың бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға қатысты түсініктеме берді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин 2026 жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер сал...