Президент елді Амал күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1441

Бүгін қазақстандықтар Амал мерекесін тойлайды. Ел басшысы халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Президенттің құттықтауы Ақордада жарияланды.

«Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен  жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Айдан аман, жылдан есен болайық!», деді президент.

14 наурыз-Көрісу күні.

Бұл мереке Амал мерекесі деп те аталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында ер адам өгей қызына шарап ішкізіп, зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORT...