Зейнетақы жинақтарын пайдалануға қашан рұқсат берілетіні белгілі болды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
195

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге пайдалану уақытша тоқтатылды. Бұл шешімнің себептерін «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова KTK телеарнасына берген сұхбатында түсіндіріп, процестің қашан қайта жандануы мүмкін екенін де айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Банк басшысының сөзінше, зейнетақы қаражатын емделуге алу бойынша өтінімдер 12 қаңтар күні сағат 19:00-де тоқтатылған. Бұған enpf-otbasy.kz порталында радиохирургияға қатысты өтінімдердің күрт және күмәнді түрде көбеюі себеп болған.

Қазір азаматтардан өте көп өтініш келіп жатыр. Бірі анасын гамма-пышақпен, енді бірі кибер-пышақ арқылы емдеткісі келгенін айтады. Біз жекелеген емдеу түрлерін қайтару қажет екенін түсінеміз, бірақ бұл процесс толықтай ашық әрі бақылауда болуы тиіс, – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, болашақта кейбір операция түрлері 6-9 ай ішінде қайта қолжетімді болуы мүмкін. 

Бұған дейін радиохирургия бойынша ай сайынғы өтінімдер саны 10-нан аспайтын. Алайда 2024 жылдың соңында және 2025 жылдың басында олардың саны күрт өсіп, 12 қаңтарға дейін 7 мыңнан астам өтінім жиналған.

Осы жағдайдан кейін «Отбасы банк» қызметкерлері операция жасалуы тиіс делінген медициналық ұйымдарға тексеру жүргізген. Нәтижесінде кейбір клиникаларда:

қажетті медициналық құрал-жабдықтың жоқ екені,

тиісті мамандардың жұмыс істемейтіні,

тіпті көрсетілген мекенжайда клиниканың мүлде болмағаны анықталған.

Осыған байланысты банк Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп мұндай медициналық мекемелерді лицензиялау мен бақылаудың жаңа тетіктерін қарастырып жатыр. Бұл шешім қабылданған соң тіс емдеу, көруді қалпына келтіру, онкологиялық және орфандық ауруларға қатысты емдеу түрлерін қайта енгізу мүмкіндігі бар. 

«Отбасы банкінің» басшысы зейнетақы жинақтарының басты мақсаты азаматтардың қартайған шағындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін ерекше атап өтті.

Бұл – мақсатты қаражат. Ол 63 жастан кейін лайықты зейнетақы алу үшін жиналады. Дегенмен тұрғын үй мәселесін шешу немесе денсаулыққа байланысты жағдайларда пайдалануға рұқсат берілген. Бірақ біз мониторинг барысында анықтаған теріс пайдалану фактілері тәуекелдерді басқару тұрғысынан бұл операцияларды жалғастыруға мүмкіндік бермейді, – деді Ләззат Ибрагимова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада сот 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп...