Желіде күйеуінен қан-жоса таяқ жеген тағы бір қазақ келіншегінің видеосы пайда болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1514

Әлеуметтік желіде аты-жөні белгісіз келіншектің күйеуінен аяусыз соққы көрген бейнесі тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Желіде тараған видеода күйеуінің ажырасқан соң баланы өзіне алып қалатынын айтып, қоқан лоқы көрсеткен.

«Күйеуімнен шаршадым. Күйеуім игроман, менің атымнан кредит алып ойынға салды, алтындарымды ломбардқа өткізді, әбден шаршатты, анасы да қой демейді, мені ұрды, тепті, талай кешіргенмін, оған барлық дәлелдер бар тағы жаман сөздер айтып мені қорлайды», - дейді желідегі әйел.

Соққыға жығылған келіншектің сөзінше, күйеуі әйелін сот алдында «қаралау» үшін жалған айғақтар дайындаған.

«Ертең сәуірдің 22-сі Астана қаласында сот болады. Күйеуімнің анасы жақсы жерде жұмыс жасайды, олар үш жасар қызымды маған жала жауып менен алып қоймақ.
Үстімнен өтірік арыз түсірген, үйден себепсіз кетіп қалады деп, сотта жеңіп баланы өздерінде қалдыру үшін», - деді келіншек.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...