Желіде қазақстандықтарға тіл тигізген ресейлік блогердің соты өтетін күн анықталды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
717

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты істі қарау басталады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы «Вечерний Бишкек» жазды. Екатерина Бивол көпшілік алдында ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен жауапқа тартылып отыр. Тергеуге негіз болған жайт — 2025 жылғы қазанда Telegram-арнада жарияланған бейнеролик. Экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері материалдан, сараптамалық қорытындыға сәйкес, қырғыз және қазақ ұлты өкілдерінің ар-намысына тиетін пікірлерді анықтаған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қазанда әлеуметтік желілерде Екатерина Бивол қатысқан видеолар тарап, онда ол қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл жарияланымдар Қазақстан мен Қырғызстанда кең қоғамдық резонанс туғызып, айыпталды.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...