Жетісу облысында тұрғыннан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1318

Жетісу облысында полицейлер облыс тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Полицияның ақпаратынша, күдікті жәбірленушіні әлеуметтік желілерге оның интимдік суреттері мен бейнематериалдарын жариялаймын деп қорқытып, 200 мың теңге сұрап бопсалаған. Ал жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, бопсалау әрекеті үшін төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Полиция  бопсалауға және қорқытуларға көнбеуді ескертеді. Егер сіз құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз. Дер кезінде қабылданған шаралар қылмыскерлерді тоқтатып, өзге азаматтарды осындай қауіптен қорғауға мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...