Жетісу облысындағы жол апатында 5 адам тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1164

Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30–да Жетісу облысы Ақсу ауданында «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан. Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында. Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады, — делінген хабарламада.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...