Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады. Бұл туралы елорда әк...
Марқұм Ақнәрдің жақындары әділдікке жете алмай жүр
Фото: видеодан скриншот
2024 жылы Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның туыстары оның өліміне байланысты әділдікке жете алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Жақындары Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді. Олардың сөзінше, марқұм қаза болғанға дейін денесінде азаптау белгілері болған. Бірақ полиция тергеу кезінде оны іс материалдарына қоспаған.
Гүлстан Қамит қызының мәйітін жуындырған кезде денесінде тістелген, тепкіден көгерген жерлер болды дейді. Ол Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді.
Қызымды жуындырған кезде бір тырнағын түбімен жұлып алған. Білектері тістелген. Тамағы тырналған. Қылқындырған із бар. Сол жақ бүйірінде тепкен із бар. Сол күні мәйітті жуындырған үлкен апа айтты: «Мына қыздың мұрыны да қисайып кеткен. Мұрыны да соққыға ұшыраған ұқсайды. Бір қолы жуындырған кезде салақтап жатты. Ол шорт сынған қолға ұқсамайды. Бұрап сындырып жіберген сияқты» деді. Жуындырған кезде шаш дегенің кәдімгідей суырылып-суырылып түсті, – дейді ол.
Гүлстан Қамиттің сөзінше, оқиға болған күні қызының телефонынан бейтаныс қыз мас болып хабарласқан. Ол «қызың төбелесіп жатыр, полицияға беремін» деген. Бірақ телефонды Ақнәрға беруден бас тартқан.
Түнгі сағат 02:30-да менің вацабыма звонок келеді. Ақнәр хабарласып жатыр екен. Мен аламын телефонды, Ақнәр, Ақнәр деймін. Бір мас қыз алады. «Ақнәр мына жерде төбелесіп жатыр. Айқайлап жатыр» деген сияқты сөздер айтады. Мен айттым, ондай болса телефонды бер Ақнәрға деп. Мен өзім сөйлесейін деп. Ол қыз айтады «бермеймін телефонды. Өлсе өлсін, мен полицияға беремін» деді. Сосын артынан кейін мен де звондадым, әкесі де звондады телефон көтермеді, – дейді Гүлстан Қамит.
Ақнәр Гүлстан отбасының үлкені болған. КИМЭП университетінің түлегі. 2024 жылы 20 шілдеде Алматыдағы көпқабатты тұрғын күйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза болған.