Анарбеков УЕФА-да жаңа рекорд орнатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
49

Қазақстан футболында жаңа тарихи жетістік тіркелді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы матчта «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков турнир тарихында матчтың «Үздік ойыншысы» атанған алғашқы қазақстандық футболшы болды.

Бұл туралы ақпаратты алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Клуб мәліметінше, УЕФА ресми түрде мойындаған марапат Қазақстан футболы үшін бұрын болмаған нәтиже.

Анарбековтің жекелей ойыны жоғары бағаланса да, «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» командасына 0:1 есебімен жол берді. Қақпашы матч барысында бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, команданы бірнеше рет голдан құтқарды. Бұл жеңіліс алматылық клуб үшін Чемпиондар лигасындағы бесінші сәтсіздік болды. «Қайрат» топтық кезеңде әзірге небәрі бір ұпай жинаған: ол «Пафоспен» өткен 0:0 есебімен аяқталған кездесуде тіркелген.