“Жігітінің досы”: Екібастұзда 19 жастағы қызды зорлап кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2184

Екібастұзда 19 жастағы қыз зорлыққа ұшыраған. Оны дос баласы зорлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы жәбірленушінің айтуынша, қыз щорлық салдарынан түрлі жарақаттар алған. Тіпті жыныс мүшесіне де зақым келген. Ол өзіне медициналық көмек керек болғанын айтты. Бойжеткен зорлау ісінен кейін дереу полицияға арыз жазған.

Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Алайда полиция оны қамауға алмапты.

«Не молчи» қорының мәліметінше, жігіт қызды бірнеше рет қорқытып, кек алатынын айтқан. Жәбірленуші қорқып арызын қайтып алыпты.

Павлодар облысының полиция департаменті Екібастұз тұрғынының зорлау ісі бойынща қылмыстық іс тергелгенін растады.

«Қажетті тергеу іс-шараларының кешені өткізілді, онда барлығы өзара келісім бойынша болғандығы анықталды», - деп жауап берді Павлодар облысы ПД.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...