Жоғалған тікұшақ апаты: Екінші адамның денесі табылды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1818

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазіргі уақытта марқұмды анықтау және ресми тану рәсімі құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.  

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, іздеу-құтқару шараларына:

  • Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері;
  • Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері;
  • Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелері;
  • Басқа да мемлекеттік құрылымдардың техникасы мен мамандары жұмылдырылған.

Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізіліп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада әйелдің өлімінен кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілік пен босану...