Жол апатынан көз жұмған футбол жаттықтырушысы туралы тың дерек

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
620

Астанa – Ерейментау – Шідерті тас жолында балалар футбол командасы мінген шағын автобус апатқа ұшырап, жақтықтырушы көз жұмғанын жазған болатынбыз. Бапкер туралы тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қаза тапқан бапкер — 34 жастағы Әлібек Жүсіпов. Оны шағын автобустың салонында қысылып қалған жерінен тапқан. 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады және Қазақстан футбол федерациясы тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. 

Әлібек Жүсіпов балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты. Ол бапкерлік қызметінде талай жас футболшының жолын ашып, отандық футболға адал еңбек етті. Жақсы адам, білікті маман ретінде есімізде мәңгі сақталады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында ер адам өз әйелін өлтіріп, оның денесін екі ай бойы көлігінің жүк...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Гүлмира Әбіқай қыз артынан апаратын киімдерді жалға алатын әдет пайда болғанын айтты, деп...