Ресейден әкелінген 63 мың жұмыртқа Қазақстан аумағына неліктенкіргізілмеді?

Фото: АШМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
772

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тексеру барысында көлікте 63 000 тауық жұмыртқасы тасымалданып келе жатқаны анықталды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы хабарлады.

"Құжаттық бақылау нәтижесінде ветеринариялық сүйемелдеу құжаттарында көрсетілген жүк жөнелтуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына жануарлардан алынатын өнімді жеткізуге рұқсаты бар ұйымдар тізіміне енбегені анықталды. Осыған байланысты жүк кері қайтарылды. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тасымалдаушыға ветеринариялық-санитариялық нормалардың талаптары түсіндірілді", — делінген комитет таратқан ақпаратта. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...