Жолаушы толы автобус аударылды: Қаза тапқандар бар

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
227

Австралияда үйлену тойынан қайтып келе жатқан қонақтар мінген автобус апатқа ұшырап, 10 адам көз жұмды. Тағы 25 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Хантер алқабында болған. Қонақтар жергілікті шарап өндірісі аумағында ұйымдастырылған тойдан шығып, Синглтон қаласына бағыт алған.

Автобус Грета елді мекені маңындағы айналма жолда аударылған. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем және құтқарушылар келген.

Қалыңдық пен күйеу жігіт апатқа ұшыраған автобуста болмаған. Ал жолаушылардың арасында олардың достары мен жергілікті футбол клубының мүшелері болған.

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...