Қазақстандық танымал әнші өмірден өтті

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
145

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаралы хабарды Мәжілістің бұрынғы депутаты Тәңірберген Бердоңғар әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізіп, өнер иесінің видеосын жариялады.

Кирилл Ли тыңдарманға “Карина”, “Дождь”, “Милашка-малолетка” әндерімен және Алматыға арналған “Алма-Ата” туындысымен таныс.

Last.fm платформасындағы мәліметке сәйкес, әнші сұхбаттарының бірінде шығармашылығына “Ласковый май” тобының ықпалы болғанын айтқан. Ол топтың музыкасынан шабыт алып, ән орындауда соларға ұқсас мәнерді қолданған. 

2002 жылдан бастап Кирилл Ли теледидардан сирек көріне бастаған. Кейін болашақ жарымен танысып, екеуі сахнада бірге өнер көрсеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...

Шоу-бизнес

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір жазғандарға жауап берд...