20 жастағы павлодарлық қыз өз іс-әрекетін жасыру үшін өзін тонап кеткендігі туралы жалған ақпарат бе...
Жолаушыларға ашылады: LRT осы аптада іске қосылады
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астанада LRT желісі осы аптада жолаушыларға ашылады. Бүгін елордада журналистерге алғаш рет жаңа қоғамдық көліктің станциялары мен вагондары көрсетілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Вагондардың іші заманауи әрі жайлы жасалған. Онда вандализмге төзімді орындықтар, көпқабатты терезелер, серпімді дөңгелектер және жол жүру кезінде шуды азайтатын арнайы материалдар орнатылған.
Астана қаласындағы 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен жеңілдік қарастырылған санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін болады. Ал кәдімгі LRT көлік картасының бағасы 1000 теңге, атаулы карта 1200 теңге тұрады. Бір реттік жол ақысы 200 теңге болып белгіленген.
LRT бағытының жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Желі әуежайдан басталып, «Нұрлы жол» вокзалына дейін жалғасады. Бағыт Қабанбай батыр даңғылы, Mega Silk Way сауда орталығы, Ботаникалық бақ, Abu Dhabi Plaza, Министрліктер үйі секілді елорданың ірі нысандары арқылы өтеді.