"Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Талгат Ардан. Фото: alrt.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1761

ҰҚК "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның Анталияда ұсталғанын хабарлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламада 2019 жылдың қыркүйек айында Бас прокуратура Қазақстан азаматы, "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды халықаралық іздеуге жариялап, оны экстрадициялау туралы өтінішті Түркияның Әділет министрлігіне жолдағаны айтылған.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізген.

"Биыл ҰҚК Арданның нақты орналасқан жерін анықтады, содан кейін Түркия құқық қорғау органдары оны Анталия қаласында ұстады. 9 мамырда Анталия соты Т. Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды, қазіргі уақытта ол қамауда отыр", – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...