«Қазақтелекомдағы» қайғылы оқиға: жұмыс орнында екі қызметкер қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
608

Алғашқы қайғылы оқиға 4 тамыз күні Жамбыл облысында болды. Арнайы техниканы пайдалана отырып жүргізілген жұмыс кезінде Тараз қаласындағы Техникалық пайдалану орталығының қызметкері өлімге әкелген жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Келесі күні, 5 тамызда, Қостанай облысында байланыс желісінің тіректерінде жұмыс жүргізу кезінде Әулиекөл аудандық желілік-техникалық цехының қызметкері қаза тапты.

Екі жағдайда да оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері дереу жеткен.

Компания қаза болған қызметкерлердің отбасыларына қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта екі оқиға бойынша да мемлекеттік органдардың қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...