Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Жүрсін Ерманның мерейтойы өтті: Ақынға су жаңа көлік сыйға тартылды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Ұлытау облысында қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында ақынға жерлестері атынан су жаңа автокөлік табысталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Салтанатты шара XXXIV республикалық “Ұлытау үні” фестивалі аясында ұйымдастырылды. Мерейтойға орай республикалық ақындар айтысы өтіп, еліміздің әр өңірінен келген өнер майталмандары бас қосты.
Айтыс барысында Жүрсін Ерманға ерекше құрмет көрсетілді. Ұлытаулықтар мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан мерейтой иесіне жаңа автокөліктің кілті табысталды.
Айта кетейік, мерейтойлық айтысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысып жатыр. Олар сахна төрінде сөз сайыстырып, көрерменге айтыс өнерінің үздік үлгілерін ұсынуда.
Жүрсін Ерман – Қазақстанның халық жазушысы, “Құрмет”, “Парасат” және “Отан” ордендерінің иегері. Ол қазақ айтысының қайта жанданып, үлкен сахнаға шығуына және халық арасында кеңінен насихатталуына елеулі үлес қосқан қаламгер әрі қоғам қайраткері.