35 мың отбасы: Құрбан айттың бірінші күні ет таратылды

Фото: ҚМДБ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1713

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні 34 771 отбасыға ет таратты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

«6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16», - деп жазылған хабарламада.

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетері, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде...

СПОРТ

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Челсидің» Англия Премьер-лигасының жаңа маусымына...