Бала бақыты - ел мерейі

ЖАҢАЛЫҚТАР
3171

Жыл басынан бергі 8 айлық ақпарат бойынша, балаларға қатысты 78 зорлық-зомбылық оқиғасы орын алыпты. Балаларға қатысты зомбылықтың көбісі сексуалды сипат алған. Сонымен қатар, баланы өлтіру, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы да тіркелген. 124 бала биыл о дүниелік болды.



Осындай көңілге алаң туғызған жәйттерге орай орынды сұрақтар туындап, ары қарай құзыретті органдар тарапынан қандай шаралар іске асырылмақшы деген тосу да бар. 


Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уəкіл институты құрылған-ды. Бұл қоғамдық негізде жұмыс істейтін құрылым. Олардың жұмыстары шағымды қарап, түсіндіру жолдары ғана. Нақтылы шара қолдану тетігі айқындалмаған. Осы жұмысқа тікелей міндетті жергілікті атқарушы органдар азаматтардың заңнамалық құқықтары мен мүдделерін түсіндіріп беруге ниет білдірмейтін көрінеді.


Өтінімдердің мәтінінде отбасылық қарым-қатынас пен алименттік міндеттемелердің, əлеуметтік жəне тұрғын-үй бойынша құқықтық, балаларды тəрбиелеу мəселелері өткір тұрғаны байқалады. Осы орайда, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім жəне ғылым министрлігі бірлесіп, ортақ жоспар жасаған. Жоспарда балалардың қоғамдағы жүріс-тұрысын белгілейтін қағидалар жазылған. Зорлық-зомбылық орын алмас үшін қандай әрекеттер істелуі тиістігі де аталған. 


З. Самалбекұлы

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...