Аптап ыстықтан бір тәулікте 109 адам қайтыс болды

Фото: Pixabay

PESTEL
213

Франция астанасы Парижде аптап ыстық салдарынан өлім-жітім күрт көбейді. Franceinfo мәліметінше, қалада бір тәуліктің ішінде 109 адам қайтыс болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

26 маусымда Парижде ауа температурасы шамамен 39 градусқа дейін көтерілген. Сол күні жедел жәрдем қызметі 24 сағат ішінде 109 өлім жағдайын тіркеді.

Бұл статистикаға тек дәрігерлер үйде немесе қоғамдық орындарда анықтаған жағдайлар енгізілген. Ал ауруханаларда болған өлім деректері бұл санатқа кірмеген.

Осы уақыт аралығында жедел жәрдем қызметіне 3,4 мыңға жуық шақырту түскен. Сондай-ақ дәрігерлер жүрек тоқтап қалуының 30 жағдайын тіркеген.

Францияның Ұлттық жерлеу қызметтері федерациясының ресми өкілі Готье Катон аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны артқандықтан, Париждегі мәйітханаларда орын қалмағанын мәлімдеді.

"Қазір жағдай ушығып тұр. Өлім жағдайлары өте көп тіркелді. Өкінішке қарай, Париждегі жерлеу бюролары жанындағы барлық мәйітханалар толып қалғанын растаймын", – деді ол BMFTV эфирінде.

Елдегі ауа райы жағдайына байланысты дәрігерлер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға, көбірек су ішуге және қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ерекше көңіл бөлуге кеңес беріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша кәмелетке толмағандардың қорғаушыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...