Маңғыстау облысында жол апатынан қаза тапқан адамдардың кім екені анықталды, деп хабарлайды MADENIPO...
2035 жылға қарай Еуропада адамдар мен роботтар қақтығысы болуы мүмкін
Фото: freepik.com
131
Еуропалық одақтың полиция қызметі – Еуропол 2030-2035 жылдар аралығында Еуропада адамдар мен роботтар арасындағы қақтығыстар қаупі туындауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымы Еурополдың талдамалық баяндамасына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құжатта алдағы жылдары роботтар мен жасанды интеллект негізіндегі технологиялар еуропалықтардың күнделікті өміріне терең енетіні атап өтілген. Олар жеткізу, тазалау, медицина және басқа да салаларда кеңінен қолданылмақ. Алайда автоматтандыру салдарынан жұмыссыз қалған азаматтардың роботтарға қарсы агрессия көрсетуі ықтимал деген қауіп бар.
Еурополдың бағалауынша, мұндай жағдайда тіпті медициналық немесе қызмет көрсету роботтарының ұсақ техникалық ақаулары да қоғамда үлкен наразылық тудырып, ұлттық деңгейдегі жанжалға ұласуы мүмкін. Бұл өз кезегінде «адамдарды бірінші орынға қою» секілді популистік ұрандардың күшеюіне алып келуі ықтимал.