Елімізде жұмыссыздар саны аз емес. Соңғы бір-екі жылдағы ресми көрсеткіштерге сүйенсек, 440 мыңның ү...
Трамп Иранмен келіссөз жүргізу мүмкіндігі артқанын мәлімдеді
Фото: opindia.com
1310
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдіріп, қазіргі жағдайда дипломатиялық келісімге келу бұрынғыдан жеңіл болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның сөзін CBS News телеарнасы жариялады.
Ақ үй басшысы соңғы әскери әрекеттер аймақтағы күштер теңгеріміне әсер еткенін атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ пен Израиль жасаған соққылар нәтижесінде Иранның саяси ахуалы өзгеріп, келіссөз жүргізуге жаңа мүмкіндік пайда болған.
Қазір келісімге қол жеткізу бір күн бұрынғыға қарағанда әлдеқайда оңай. Бұл анық, өйткені қарсы тарап ауыр соққы алды, - деді Трамп сұхбат барысында.