Жаппай босатуға не себеп?: NASA-ның 4000-ға жуық қызметкері жұмыстан босатылды

Фото: NASA/JPL-Caltech/ASU via REUTERS

ЖАҢАЛЫҚТАР
1396

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) шамамен 20 пайызы — 3870 қызметкер — қысқарту аясында жұмыстан босатылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Басқармада 14 мыңға жуық адам жұмыс орнын сақтап қалады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мемлекеттік мекемелер мен ғылыми институттарда ауқымды қысқарту жұмыстарын жүргізуде.

Наурыз айында NASA 23 қызметкердің қысқартылатынын хабарлады. Олардың қатарында агенттіктің бас ғылыми қызметкері әрі климаттың өзгеруі жөніндегі аға кеңесші Кэтрин Кельвин де бар.

«Қызметкерлер санын оңтайландыру және атқарушы құрылымдардың жарлығына сәйкес, NASA кадр санын кезең-кезеңімен қысқартуға кірісті», — делінген сол кездегі ведомство мәлімдемесінде. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...