Миланда да жаппай наразылық соңы полициямен қақтығысқа ұласты

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
152

Милан қаласының орталығында басталған жаппай наразылықтар Болонья мен Турин қалаларына да тарады. Наразылыққа өмір сүру құнының шектен тыс өсуі, азық-түлік пен жанармай бағасының күрт қымбаттауы және әскери қақтығыстарға қарсылық себеп болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Италия алаңға шығады» (Italia in piazza) ұранымен өткен шеруге бастапқыда жастар мен студенттер қатысып, бейбіт түрде басталған. Алайда кейін Миланның орталығындағы Дуомо алаңы маңында радикалды топтар мен полиция арасында қақтығыс болған. 

Полиция наразылық білдірушілерді алаңнан тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолданды. Негізгі метро станциясы жабылып, туристер қала орталығынан эвакуацияланған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 50-ден астам адам ұсталған. Сондай-ақ ондаған демонстрант пен полиция қызметкерінің жарақат алғаны хабарланды. 

Италиядағы наразылықтар Бельгия мен көршілес Францияда соңғы күндері өтіп жатқан жаппай шерулермен тұспа-тұс келді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды, деп хабарлайды Mad...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты., деп хабарлайды MadeniP...