Уақытша тоқтатты: Израиль әлем бойынша барлық елшіліктерінің жұмысын тоқтатты

Фото: elitar.kz

PESTEL
1646

Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Израиль Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің хабарлауынша, бұл шешім Иранға қарсы жүргізілген әскери операцияға байланысты қабылданған. Осыған орай, Израильдің бүкіл әлемдегі елшіліктері консулдық қызмет көрсетуді уақытша тоқтатып отыр. 

Бірқатар елшіліктердің ресми сайттарында жарияланған мәлімдемелерге сәйкес, Израиль билігі шетелдегі азаматтарына сақтық шараларын күшейтуді ұсынуда. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда еврей немесе израильдік рәміздерді көрсетпеуге кеңес беріліп отыр. 

13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағындағы бірқатар нысандарға әуе соққысын жасады. Әскери операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық объектілерін нысанаға алу болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаннұрды анасы түсте ойнауға жіберген, бір сағаттан кейін жоғалып кеткені белгілі болған, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

102 нөмеріне студентті тонау фактісі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 20 жа...