“Жартылай фабрикаттарды” жейміз деп алты адам көз жұмды

Фото: ЖИ

PESTEL
1302

NBC News телеарнасы мәлімдеуінше, АҚШ-та дайын макарон өнімдерінен тараған листериоз індеті салдарынан алты адам көз жұмып, тағы 25 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Листериоз – тағам, жануарлармен немесе адамдармен тікелей байланыс арқылы, сондай-ақ ауа-тамшы жолымен жұғатын жұқпалы ауру.

Қазір кері қайтарылған дайын макарон өнімдерімен байланысты листерия індетінен алты адам қайтыс болып, 25 адам ауруханаға жеткізілді. Жалпы 27 адамның ауру жұқтырғаны анықталды, олардың 25-і госпитализацияланған, – делінген хабарламада.

Аурудың алғашқы жағдайлары АҚШ-тың 18 штатында тіркелген. Олардың қатарында Калифорния, Флорида, Невада, Орегон және Техас бар. Осыған байланысты FDA тұрғындарға «тоңазытқыш пен мұздатқыштағы күмәнді тағам өнімдерін тексеруге» шақырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қат...