«Күндіз мәнті сатса, кешке курьер болып жұміс істейді»: Жалғызбасты анаға депутат пәтер сыйлады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1496

Желіде екі баласымен бірге курьер болып жұмыс істейтін жалғызбасты ананың видеосы тараған болатын, деп хабарлады madeniportal.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол көпшілікті бей-жай қалдырмады. Алматы тұрғыны Салтанат Мұратова күндіз мәнті пісіріп сатып, кешкісін балаларын ертіп тамақ жеткізуші қызметін атқарады.

Бұл туралы әлеуметтік желіде белсенді Әбдісамат Әбдіш жазған. Мәжіліс депутаты Руслан Берденов жалғызбасты анаға пәтер сыйлады. Ол еріктілер тобы арқылы қаржылай көмек аударды.

«Салтанат Мұратова – екі баласын өзі асырап отырған жалғызбасты ана. Нәпақа табу үшін күндіз мәнті пісіріп сатып, кешке екі баласын жетектеп тамақ жеткізуші болып жұмыс істейтінін білдік. Күні кеше Мәжіліс депутаты Ruslan Berdenov asar.ume еріктілеріне қаржы аударып, курьер ананың баспаналы болуына себепкер болды. Білуімше Берденов бұданда басқа көптеген қайырымдылық істерге ұйытқы болады. Бірақ жария айтылғанын қаламайды. Қысқасы, осындай жақсы жаңалықтар тасада қалып кетеді. Имамдардың үйі мен ісін аңди бермей арасында осындай игі істерді де насихаттаған абзал. Жақсылық жұғысты келеді. Не десекте, қыстың қытымыр уағында екі баламен көше кезіп курьер болу қиын дүние...», - деп жазды желі белсендісі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке ағымдағы сессияның соңына дейін қосымша амнисти...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасиетті Рамазан айы аяқталуға жақын, ал 20 наурыз күні Қазақстан мұсылмандары Ораза айт мерекесін а...