Қыз соққылардан көз жұмған

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қылмыс
747

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында ер адам сүйіктісін өлтірді деген ақпарат тарады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратқа сай, қыз бен жігіт бір жылға жуық кездесіп жүрген. Тіпті той күнін белгілеп қойған. Жігіт қызды күнде жұмысынан алып қайтып, үйіне жеткізіп жүрген. Ол 30 маусым күні кешкі сағат 18:30-да қызды жұмысынан алып, бірден өз үйіндегі көлікжайға кірген. Одан кейін не болғаны белгісіз. Сарапшылардың талдауына сай, қыз 20:30-да қайтыс болған.

Toyota Land Cruiser Prado көлігінің салонында 19 жастағы З сүйіктісі Э-ні ұрып-соққан. Қыз соққылардан көз жұмған. Алайда қылмыстың нақты себебі хабарланған жоқ. 

Түркістан облысы полиция департаментіне хабарласып, аталған оқиғаның мән-жайын білдік.

“Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажет сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Түрмедегі қылмыскерлер кітап оқығаны үшін бостандыққа ертерек шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды maden...

Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл тур...