Ақмола гарнизоны әскери сотында қорғаныс министрлігіне қарасты №31775 әскери бөлімі миномет батареяс...
Ақмола облысында 24 жастағы жігіттің денесі табылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ақмола облысында жарты ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы өңірлік полиция департаменті жариялады.
19 қараша күні Біржан сал ауданының полиция бөліміне Андрей Андреевич Рябконың жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, жас жігіт 14 қарашада жоғалып кеткен, бірақ туыстары бес күн бойы өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізіп, тек бесінші күні полицияға жүгінген.
Жігіттің ата-анасының айтуынша, ол бұрын көрші ауылдағы туыстарына жаяу барып тұратын болған.
Іздеу жұмыстары дереу ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен бейжай қарамайтын азаматтардан арнайы топтар құрылды.
30 қараша күні полиция қызметкерлері жоғалып кеткен адамның денесін даладан тапты. Алғашқы тексеру барысында ер адамның аяздан қайтыс болғаны анықталды, өлімнің нақты себебін сараптама айқындайтын болады.