Павлодардағы мектепте сұмдық жағдай болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
1949

Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шақырылған.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға №26 орта мектепте тіркелген. Математика пәні мұғалімі тақтада тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оны белгісіз затпен нұқып кеткен.

Педагогтің әрекеті бейнебақылау камераларына тіркеліп, кейін әлеуметтік желіге тарады. 

Дегенмен мектеп медбикесі баланың денесінде ешқандай белгі жоқ екенін айтқан. Оқушыны жедел жәрдем бригадасы да тексеріп, ешқандай жарақат алмағанын анықтаған.

Педагог өз әрекетіне өкініп, баланың ата-анасынан кешірім сұрады, деп қосты білім бөлімінен.

Қазіргі уақытта мұғалім жұмыстан шығарылды. Аталған істі білім бөлімі мен полиция бақылауға алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...