Сот орындаушы балалардың 816 мың теңге алиментін ұрлаған

Қылмыс
541

Алматы облысында сот орындаушы балалардың алиментін ұрлады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырған.

Көрсетілген уақыт ішінде баланы асырауға сот орындаушысының арнайы шотына борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған, - делінген хабарламада. 

Сот орындаушы алимент аударушының уақытында ақшаны аударып отырғанына қарамастан,   борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады.

Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды.

Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция департаменті сот орындаушысына қатысты ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, қабылданған шаралармен борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтірілді және ол бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды.

Жаңалықтар

Ақтау әуе кеңістігінде болған оқиға барысындағы рейс экипажы мен диспетчерлер арасындағы радиоалма...

Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан отандастарымыздың тіз...