Талғардағы 16 жастағы баланың өліміне қатысты облыстық прокуратура мәлімдеме жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
834

Алматы облысының прокуратурасы 2024 жылдың 4 қазаны күні адам қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz Aзаттық рухына сілтеме жасап.

Айта кетейік, күні кеше баланың әкесі әлеуметтік желі арқылы Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, жергілікті құқық қорғау органдары тергеуде заң бұзып отыр деген еді. Бүгін облыстық прокуратура істің обьективті түрде тергелетініне кепілдік берді.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл 4-қазан күні Талғар қаласында төбелес орын алып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып көз жұмды. Тағы екі азамат ауыр жарақат алды. Біз қоғамның толқуын түсінеміз және баланың отбасына көңіл айтамыз. Прокуратура органдары кісі өлтіру бұл істі ерекше бақылауына алғанын ресми түрде мәлімдейміз», - деп жазылған прокуратураның ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдік бойынша сот жеті адамды 2 ай мерзімге қамаған.

«Біз жағдайды толық анықтап, кінәлілердің бәрін жауапқа тартатындай обьективті тергеу жүретініне кепілдік береміз. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен босататындай ешқандай әрекет болмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін ақпарат білсеңіз, прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар деген шағын қалада марқұм Шерзаттың әкесі мен анасы жалдап отырған дүкенге бір жігіт келген. Ол сыра алып, оның ақшасын төлегісі келмей, жанжал тудырған. Видеодағы жігіттің інісі мен ұлы, яғни, Шерзат бұзақыны тыныштандырып, сыртқа шығармақ болған. Сол сәтте ол бір топ досын шақырып, төбелес шығарған. Суыт қару асынған күдіктілер баланы анасының көзінше пышақтап кеткен.

Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда брифингте Әзірбайжанға тиесілі ұшақтың құлауын...

Жаңалықтар

Нью-Йорк метросында мемлекет ішінде заңсыз жүрген иммигрант әйелді тірідей өртеп жіберді, деп хабарл...