Жалған фотолар жариялап, 32 млн теңге жымқырған адам қамалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
2246

Шымкент қаласының тұрғыны Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен ақша жинаған, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқ ақшаны Instagram желісі арқылы жинаған.

«Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды», – деді Алматы облысы ПД.

Аталған дерекке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Әділет Жауғашар әлеуметтік желіде сынның астында қалған «Сүй иә» әніне қатысты алға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды....