19 қазан еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр күтілуде

Фото: Шедеврум

АЙМАҚТАР
1308

«Қазгидромет» 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын күтіледі. Ал қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.

Республика аумағында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысында түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Сондай-ақ Алматы облысының солтүстік бөлігінде 1 градус шамасында үсік болуы мүмкін. Бұдан бөлек, синоптиктер жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

  • Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Атырау (солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс), Ақтөбе (оңтүстік және шығыс), Жамбыл (орталық), Қызылорда (солтүстік және орталық), Алматы (батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс), Ақмола (оңтүстік-батыс), Ұлытау (шығыс және орталық) және Абай облыстарының оңтүстік бөлігінде күтіледі.

  • Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік және шығыс), Жамбыл (батыс және солтүстік), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық), Алматы (солтүстік), Қостанай (оңтүстік), Батыс Қазақстан және Ұлытау (оңтүстік) облыстарында сақталады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері 2,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш...